Арық желілерін тазалау бойынша ақпарат

Арық желілерін тазалау бойынша ақпарат

2022 жылғы 18 наурызда Алматы қаласы аудандары әкімдіктерінің мердігерлік кәсіпорындары арық желілері мен арық өткелдерін тазалады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Су басудың алдын алу және жою үшін аудан әкімдіктерімен 650 жол жұмысшысы, 266 бірлік арнайы техника және 24 мотопомпа жұмылдырылды, 2000 құм салынған қап дайындалды. Жұмыс нәтижесінде 4,5 тонна қоқыс пен тұнба шығарылды.

Наурыз айында басталған жаңбыр кезінде кездейсоқ тұрмыстық қоқыстардың жиналуына, өткізу қабілетінің төмендігіне, диаметрлерінің аздығына және жолдардың жүру бөлігі астындағы жерасты арық өткелдерінің ақауларына, жол төсемінің опырылуына, сондай-ақ қарама-қарсы еңістер мен тұйық арық желілеріне байланысты арықтардан нөсер суларының құйылу жағдайлары тіркелді. 

ТЖД мәліметінше, 18 наурыз күні сағат 18:00-дегі жағдай бойынша 23 су тасқыны тіркелді: олардың 8-і расталмады, 7 жойылды, қалған 8 учаске бойынша жұмыстар жалғасуда.