Аптап ыстық әлі де сақталып отыр

Аптап ыстық әлі де сақталып отыр
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

«Қазгидромет» РМК-сы шілденің 16-сы, жексенбіге арналған күн райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің келтірген мәліметтері бойынша, бүгін атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай Қазақстанның батысында, солтүстігінде, қиыр шығысында және оңтүстік - шығысында ауа-райы құбылмалы болады. Нақтырақ айтқанда, жаңбыр жауып, елдің батысында нөсер жауын жауады, найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Ал елдің қалған аумағында күн негізінен жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді деп күтілуде, солтүстікте түнде тұман болады.

Алматы облысының басым бөлігінде және Ұлытау және Жетісу облыстарында, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында және Абай облысының оңтүстігінде 35-38°с қатты ыстық күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары күтіледі.

Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Қостанайдың оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында төтенше өрт қаупі күтілуде.