Антикор аумақтық департамент басшыларының аккаунттарын жариялады

Антикор аумақтық департамент басшыларының аккаунттарын жариялады
Сурет: Ftiziatriya.kz

Мақсат – қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету.

Facebook әлеуметтік желісінде басшылардың жеке аккаунттары ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық департамент басшыларының қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты мен ашықтықты сақтау үшін басшылардың жеке аккаунттары ашылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері әрбір желі пайдаланушысы тиісті басшыға хабарласып, сұрақ қоя алатынын атап өтті.

Аумақтық департаменттер басшылары аккаунттарының тізімі:

Астана қаласы: Мұрат Қарымсаков;

Алматы қаласы: Асхат Оразхан;

Шымкент қаласы: Дәурен Ерғарин;

Абай облысы: Әділхан Сабуров;

Ақмола облысы: Арман Рахимов;

Ақтөбе облысы: Есқали Саламатов;

Алматы облысы: Серік Орымбетов;

Атырау облысы: Ерулан Серікқалиев;

Шығыс Қазақстан облысы: Денис Шакенов;

Жамбыл облысы: Болат Жылқыбаев;

Жетісу облысы: Мақсат Жебегенов;

Батыс Қазақстан облысы: Нұрлан Қыдырбаев;

Қарағанды облысы: Мұрат Төлеубаев:

Қостанай облысы: Бауыржан Ұзынжас;

Қызылорда облысы: Серікжан Мырзалы;

Маңғыстау облысы: Шамурайт Шаменов;

Павлодар облысы: Дархан Құрақбаев;

Солтүстік Қазақстан облысы: Сергей Перов;

Түркістан облысы: Шаттық Өтеев;

Ұлытау облысы: Ернар Баянгазин