Анна Данилина әлемдік рейтингте рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізді

Анна Данилина әлемдік рейтингте рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізді
Сурет: Bestnews.kz

Ол қазір 24-орында.

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) әлемдегі ең мықты теннисшілердің рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сілтеме жасап.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жеке сында өзі үшін үздік 12-орында қалды. Юлия Путинцева мен Зарина Дияс әрқайсысы бір сатыға көтеріліп, қазір сәйкесінше 41 және 117-орындарды иеленуде.

Жұптық рейтингте Қазақстан өкілдерінің ішіндегі ең үздігі Анна Данилина - ол қазір 24-орында. Елена Рыбакина мен Жібек Құламбаева да өз позицияларын жақсартып, 50-ші және 308-орындарға көтерілді.

WTA рейтингі. 7 ақпан

12 (0). Елена Рыбакина (Қазақстан) – 2705

41 (+1). Юлия Путинцева (Қазақстан) – 1255

117 (+1). Зарина Дияс – Қазақстан) - 606

341 (-2). Анна Данилина (Қазақстан) – 182

462 (-3). Ярослава Шведова (Қазақстан) – 107

497 (-1). Жібек Құламбаева – Қазақстан) - 95

  1. (-12). Гозаль Айнитдинова (Қазақстан) - 83

875 (0). Екатерина Дмитриченко (Қазақстан) - 28