Амандық Баталов: Алматы облысының туристік әлеуеті мол

Амандық Баталов: Алматы облысының туристік әлеуеті мол
Сурет: 24.kz

Алматы облысының әкімі АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулымен кездесуде осылай деді.

Амандық Баталов АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Эрик Майермен кездесті. Кездесуде инвестиция тарту және экология мәселелері сөз болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Амандық Баталов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қысқаша тоқталып, мұнда инвестиция тартуға жайлы жағдай жасалғанын, аймақтың туристік әлеуеті мол екенін айтты.

Сол сияқты облыс әкімі Алматы облысында америкалық «Тайсон Фудс» компаниясы ірі қара етін терең өңдейтін жобаны іске асырып жатқанын тілге тиек етті.

Әңгімелесу барысында Эрик Майер жылы қабылдау үшін ризашылығын білдіріп, экология және инвестиция тарту мәселелерінде өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы ұсынысын жеткізді.