AMANAT партиясы қайта тіркеуден өтті

AMANAT партиясы қайта тіркеуден өтті
inform.kz

Партияны мемлекеттік қайта тіркеу жүргізілді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz AMANAT партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға толық сәйкес келеді. Қайта тіркеу «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» заңға және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізілді.

AMANAT партиясында атап өткендей, қазіргі уақытта тиісті брендбук дайындалып жатыр. Сондай-ақ партияның ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі аккаунттарын визуалды түрде жаңарту жұмыстары жүргізілуде.