Алтынның бағасы төмендеді

Алтынның бағасы төмендеді
Сурет: Banki.ru

Троя унциясы үшін 1727,3 долларға дейін төмендеді. 

12 шілдеде алтынның құны троя унциясы үшін 1730 доллардан төмендеді. Бұған сауда-саттық деректері дәлел, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еgemen.kz cілтеме жасап. 

Нұр-Сұлтан уақытымен 10:45-тегі жағдай бойынша Нью-Йорк Comex биржасында алтынға тамыз фьючерстерінің бағасы 4,4 долларға немесе 0,25%-ға, троя унциясы үшін 1727,3 долларға дейін төмендеді.

Бұған дейін сауда-саттық барысында көрсеткіш ең төменгі 1721,65 долларға жеткен болатын. Бұл 2021 жылдың тамызынан бергі ең төменгі көрсеткіш. Қыркүйек айындағы күміс фьючерстері 0,93%-ға арзандап, бір унция үшін 18,955 долларды құраған.

Әлемдік нарық АҚШ-тан маңызды деректерді күтуде. Сәрсенбіде маусым айында елдегі инфляция статистикасы жарияланады. Сарапшылардың пікірінше, жылдық инфляция бір ай бұрын 8,6%-дан кейін 8,8%-ды құрады, бұл 1981 жылдың желтоқсанынан бастап жаңа рекорд болуы мүмкін.

Жоғары инфляция АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесі үшін ақша-кредит саясатын қатаңдату қажеттілігі туралы сигнал бола алады.