Алтын қаншаға бағаланып жатыр?

Алтын қаншаға бағаланып жатыр?
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

1 грамм алтынның бағасы 33 911,46 теңгеге жетті.

Бұл көрсеткіш бұған дейінгі бағамен салыстырғанда, 405,86 теңгеге немесе 1,2%-ға  қымбат, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Қазіргі көрсеткіш 2017 жылғы маусымнан бергі ресми ең жоғары көрсеткіш болып саналады. Алайда соңғы кездері металдың бағасы тұрақты түрде көтеріліп, 5 наурыздан бері 30 мың теңгеден төмендеген жоқ. Ақпан айының ортасынан бастап айтарлықтай сенімді өсім пайда болған кезде, көрсеткіш 5 мың теңгеге  немесе 18%-ға артты. Жыл басындағы жағдаймен салыстырғанда, 1 грамм бағасы 12 пайызға қымбаттаған.

Айта кету керек, металдың биржалық бағасы соңғы уақытта рекордтық деңгейде болды. Бұған әлемдік орталық банктердің жоғары сұранысы да ықпал етіп отыр.