Белгілі тележурналист Жайнагүл Төлеміс «Хабар» телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды

Белгілі тележурналист Жайнагүл Төлеміс «Хабар» телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды
Сурет: https://web.telegram.org/k/#@prokadrykz

 Жайнагүл Төлеміс 1984 жылы 8 мамырда Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Айшуақ ауылында дүниеге келген. Zhubanov University Ақтөбе өңірлік университетінде  «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша алғашқы академиялық білім алған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да журналистика мамандығын бітірген, Ph.D. докторанты. Колумбия өнер және ғылым колледжінің «Медиа және коммуникациялық зерттеулер» мамандығы бойынша да түлегі. Американың Джордж Вашингтон университетінің Медиа және саяси стратегиялық коммуникациялар факультетін тәмамдаған. Тележурналистика саласында көп жылғы тәжірибесі бар білікті маман.