Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы
emosurf.com

Қазгидромет 4 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Қазақстан Республикасының басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының өтуіне байланысты Құбылмалы ауа райы сақталады, қар жауып, оңтүстік аймақтарда жауын-шашын, жаңбыр және қар түрінде болады, Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын жауады, жаяу бұрқасынмен желдің күшеюі күтіледі.

Республиканың кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, облыстың батысында, шығысында, орталығында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Ақмола облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі, түнде басым бөлігінде желдің күшеюі, күндіз шығысында 15-20 м/с күшейюі күтіледі. Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ, күтіледі, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады, солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігі мен шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, түнде шығысында тұман күтіледі, күндіз орталығында, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Алматы облысының солтүстігінде, тау және таулы аудандарында тұман күтіледі, Алакөл ауданында жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Ақтөбе облысының солтүстігік-батысында тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың батысында жел 18 м/с жылдамдықпен соғады.

Түркістан, Жамбыл облыстарында солтүстігінде, батысында, тау және таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Қызылорда облысының орталығында көктайғақ, солтүстігінде тұман күтіледі.