ШЫҰ форумы болуда

ШЫҰ форумы болуда
Сурет: Іnbusiness.kz

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының форумы Чунцинде өтуде.

Аталған форумға оффлайн және онлайн форматта 18 елдің өкілдері қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Форум панельдік сессиялар, түрлі пікірталастар және өзекті мәселелерді талқылау түрінде өтеді. Талқылаулар озық технологиялармен ғана емес, ШЫҰ елдерінің жалпы дамуымен де байланысты болмақ.

«Менің ойымша, платформаны неғұрлым көп бөлісетін болсақ, соғұрлым барлық ел үшін ашық болады. Бұл, бір жағынан, тәжірибені зерттеуге жақсы. Екінші жағынан, белгілі бір әрекеттерді жасау үшін керек. Біздің елде бар технологиялар басқа мемлекеттерде де бейімделіп, ШЫҰ өңірлерінің шеңберінде жұмыс істеуі үшін қолайлы болады», - деді ШЫҰ елдеріне арналған көп функционалды сауда-экономикалық алаңының бас хатшысының орынбасары Олим Алимов.

Чунциндегі форуммен қатар «Smart China Expo-2021» көрмесі ұйымдастырылды. Стендтердің жалпы ауданы – 70 мың шаршы метр. Мұнда жасанды интеллект және басқа да жаңа технологиялар саласындағы жобаларды жасаудағы елдердің жетістіктерін көрсететін сандық ноу-хаудың алуан түрін көруге болады. Көрмеге барлығы 30-дан астам елден 610 халықаралық компания тартылған.