Алматыда терроризмге қарсы операцияға байланысты бірқатар көше жабылады

Алматыда терроризмге қарсы операцияға байланысты бірқатар көше жабылады
almaty-akshamy.kz

Алматыда террористерге қарсы операция жалғасып жатыр. Осыған байланысты бірқатар көше уақытша жабылады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Террорға қарсы операцияның жүргізілуіне байланысты, бүгін 19 қаңтар күні келесі аймақтарда жол қозғалысы уақытша жабылады:

- Абылай хан көшесінің бойымен Мақатаев көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін, солтүстік және оңтүстік бағытта;

- Төле би даңғылы бойымен Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін, шығыс және батыс бағытта;

«Азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды, қозғалыс бағытын алдын ала реттеп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінен.

Айта кетейік, Алматыда төтенше жағдай режимі мен коменданттық сағат аяқталды.

Алайда Алматы аумағында антитеррорлық шара режимі және терроризм қаупінің «қызыл» деңгейі сақталады.