Алматының әкімі спортшыны құттықтады

Алматының әкімі спортшыны құттықтады
Сурет: 24.kz

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатына қатысушы алматылық Ғұсман Қырғызбаевты күміс медаль алуымен құттықтады.

Бұл туралы қала әкімі өзінің twitter-дегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін алматылық спортшы Ғұсман Қырғызбаевты Будапештте басталған дзюдодан әлем чемпионатының күміс медалімен құттықтаймын! Жеңісті бол!» - деп жазылған әкімнің парақшасында.

 Естеріңізге сала кетсек, Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионаты кеше басталды. Әлемдік дода 13 маусыға дейін жалғасады.