Алматыда екі аудан суық судан бірнеше сағатқа ажыратылады

Алматыда екі аудан суық судан бірнеше сағатқа ажыратылады
hibiny.com

Алматыда жаңа су құбырын магистральдық желілерге қосу үшін екі аудан суық судан бірнеше сағат ажыратылады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

9 маусым күні сағат 09:00-дан 21:00–ге дейін Түрксіб ауданында Аймауытов көшесі – Сауранбаев көшесі – Молдағалиев көшесі – Шолохов көшесі – Р. Зорге көшесі – Осипенко көшесі-Ержанов көшесі-Боралдай көшесінде орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру тоқтатылады;

10 маусым күні сағат 09:00-дан 20:00-ге дейін Жетісу ауданында орналасқан Филотов көшесі-Багратион көшесі-Меркулов көшесі, Ақпаев көшесі, Сейфуллин даңғылы, Шилов көшесі, Жансүгіров көшесі бойындағы тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.

Суық сумен қамтамасыз ету  қызметі бойынша қысқа мерзімді шектеу жаңа су құбырын магистральдық желілерге қосу үшін қажет.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Анықтама телефоны: 274-66-66.

"Алматы су"МКК