Алдағы күндері Қазақстанда күн суытады

Алдағы күндері Қазақстанда күн суытады
Сурет: Almaty.tv

Кей аймақтарда нөсер жаңбыр жауады, қатты жел соғады.

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігі фронталды бөліктердің ықпалында болып, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Akmaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК сайтына сілтеме жасап.

10 маусымда Қазақстанның орталығында және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, қатты жел соғады, нөсер жаңбыр мен бұршақ күтіледі.

«Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл сақталады. Кезекті солтүстік-батыс суық антициклоны еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасының түнде 3-8, кей жерлерде 12 градусқа дейін төмендеуіне алып келеді, күндіз 17-22, кей жерлерде 25 градус жылы болады. Елдің қалған аумағында температура фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді», – деп хабарлайды мамандар.