Алматының қай орындары демалыста жұмыс істейді?

Алматының қай орындары демалыста жұмыс істейді?
Сурет: Kt.kz

Алматы қаласы эпидахуал матрицасының бағамы бойынша бұрын-соңды болмаған қоңыр-қызыл аймақта тұр.

 Бұдан бұрын айтқанымыздай, қаланың бас санитарының қаулысына сәйкес, 2 тамыз бен 16 тамыз аралығында барлық ұйым, оның ішінде Ashyq жүйесіндегі барлық нысан демалыс күндері жұмыстарын тоқтатады, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz

 Тек орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер мен құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдары, азық-түлік дүкендері мен дәріханалар жұмыс істейді.

 Ал 9 тамыздан бастап, «Ashyq көшбасшыларына» жататын нысандарға демалыс күндері түнгі 12-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат.