Алматының Түрксіб ауданында уақытша ыстық су болмайды

Алматының Түрксіб ауданында уақытша ыстық су болмайды
Сурет: Kt.kz

 Бұл ақпаратты таратқан «Алматыжылужүйелері» ЖШС тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.

 Шектеулер қазандықта жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты енгізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«2021 жылғы 23 мен 27 тамыз аралығында Физкультурная – Аймауытов – Щербаков – Чехов көшелерінің контурында Алматы қаласының Түрксіб ауданы аумағында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды», - делінген  аталған мекеменің таратқан хабарламасында.