Италияда аптап ыстық болуда

Италияда аптап ыстық болуда
Сурет: 1tv.ge

Қатты ыстық әуреге салуда.

Италияда аптап ыстық салдарынан қауіптіліктің қызыл деңгейі жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Хабар 24 сайтына сілтеме жасап.

Күн райын болжаушы мамандар ең ыстық күн  болуда деп болжайды. Осыған орай елдің 15 шаһарында мамандардың дайындығы жоғарғы деңгейде болмақ.

Римде үшінші күн қатарымен күн жанып тұр. Ауа температурасы 38 градустан асады. Ал, Италияның 4 өңірінде орман өрті дес бермей тұр. Тілсіз жаудан 3 адам мерт болғаны белгілі. Орман өрті Алжирде де ырық берер емес. Өрт жалмаған елді мекен тұрғындары жалынмен арпалысып шаршады. Халықтың отты өшіру үшін арнайы техникасы жоқ. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, апат 69 адамның өмірін қиды.

Жергілікті билік елдің солтүстігінде өршіген өртті ауыздықтау үшін әскерилерді тартып жатыр. Ал, Тизи-Узу провинциясындағы Ибудрен ауылының тұрғындары аталған көмектің әлі де жетпегенін айтып шағымданады.