Алматының жанармай бекеттерін салық қызметкерлері тексерді

Алматының жанармай бекеттерін салық қызметкерлері тексерді
Сурет: Оdessa-life.od.ua

Тексеру барысында 26 295 литр мазут көлеміндегі заңсыз өнім анықталды.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті акциздік тауарлардың көлеңкелі айналымын анықтау мақсатында акциздік тауарлар нарығы субъектілеріне тұрақты түрде талдау жүргізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

15 маусымда бір салық төлеушіге тиесілі екі жанармай құю бекетінде тақырыптық салықтық тексеру жүргізу барысында жалпы көлемі 26 295 литр мазут көлеміндегі мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы анықталды.

Тіркелмеген резервуарлардан мұнай өнімдерін есепке алу-бақылау құрылғыларын (БҚБ) орнатусыз сақтау және өткізу «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» заңды бұзу болып табылады», - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 281-бабының 5 бөлігіндегі 8 тармағында көрсетілген бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

«Жоғарыда аталған фактілер бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін Алматы қаласының әділет органдарына беру жұмыстары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Акциздік тауарларды заңсыз сатудың барлық қолда бар фактілері бойынша Алматы қаласының тұрғындары Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне Абылай хан даңғылы, 93/95, каб. 417, анықтамалар үшін телефон: 8(727) 267-35-62.