Алматының Түрксіб ауданында үздіксіз газ беру үшін жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Алматының Түрксіб ауданында үздіксіз газ беру үшін жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Almaty-akshamy.kz

Алматының Түрксіб ауданында үздіксіз газ беру үшін жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоспарлы жұмыс тұтынушыларға орташа қысымды Д-159 мм жерүсті газ құбырында газды үздіксіз әрі апатсыз беру үшін жүргізіледі. Осыған байланысты, биыл 24 қарашада Земнухов – Шацкий – Тренев көшесі бойындағы жеке секторда орналасқан тұрғын үйлерде, сонымен қатар, №304/2 учаскесінің жанындағы Қайрат шағын ауданындағы үйлерге газ беру өшіріледі. 

Биыл 28 қарашанда Тараз – Линия-7, 9, 10, 11 – Көрімдік – Бәйге көшелерінің аумағында орналасқан тұрғын үйлерге де газ беру тоқтатылады. 

Осыған байланысты тұрғындардан «Интергаз Орталық Азия» АҚ МГҚ Алматы газ шаруашылығы қызметкерлері жүргізетін газ крандарын жабуды және іске қосу жұмыстары басталғанға дейін ашпауды сұраймыз.

Мәжбүрлі қолайсыздыққаа түсіністікпен қарауды сұраймыз, бұл Алматы қаласының газ желілерін апатсыз пайдалану үшін жасалады.