Денис Теннің ескерткішін бүлдірген күдікті ұсталды

Денис Теннің ескерткішін бүлдірген күдікті ұсталды Сурет: интернеттен

Қаскөйдің Денис Теннің ескерткішінің қабырғасына жазу жазып кеткенін бұдан бұрын хабарлағанбыз.


Алматыда Денис Теннің ескерткішін бүлдірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Ол ескерткішке өзінің аты-жөні мен телефон нөмірін де ойып жазған.


Алматы қаласының Полиция департаменті аталған жайтқа қатысты Қылмыстық кодекстің 1-бөлігі, 294-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.


Полицейлердің айтуынша, ескерткішті ойрандаған адам психоневрологиялық есепте тұрады.


«Қылмыстық іс аясында сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады. Ұсталған адам психикалық денсаулық орталығына орналастырылды», - деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37