Алматының Түрксіб ауданында ескі үй мәселесінің шешімі табылды

Алматының Түрксіб ауданында ескі үй мәселесінің шешімі табылды
inalmaty.kz

Алматының Түрксіб ауданында 594 үй реновациялауды қажет етеді. Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Наиль Лебаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бұл мәселенің шешімі табыла бастағанын, екі қабатты 13 ескі үйді бұзу жоспарланғанын айтты, деп хабарлйды Аlmaty-akshamy.kz  Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Ауданның көп пәтерлі тұрғын үй қоры 1229 үйді құрайды, оның ішінде реновацияны талап ететін ескі үйлер саны – 594. Қазіргі уақытта Сауранбаев - Спартак - Чернышевский - Ақынов көшелерінің квадратында 13 ескі екі қабатты тұрғын үйді, барлығы 201 пәтерді бұзу жоспарлануда. Аталған учаскеде 856 пәтерлі 40 бес қабатты тұрғын үй салынады», - деді Н. Лебаев.

Спикер өткен жылы 3 көп қабатты үйдің (62 пәтер) құрылысы аяқталғанын хабарлады. Екі қабатты үш үй бұзылып, олардың орнына 7 бес қабатты үйдің (152 пәтер) құрылысы басталды. Жұмыстарды 2023 жылдың ІІ тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.
 
"QazaqStroy" жеке инвесторымен Сейфуллин, Кассин, Котельников көшелерінің квадратында 30 сегіз пәтерлі ескі үйлерді реновациялау басталды. Аталған учаскеде 27 алты қабатты үй (820 пәтер) салынады. Қазірде 114 пәтерлік 2 үй салынып, пайдалануға берілді.

2021 жылы «АгроСпецСтрой» мердігерлік ұйымы Осипенко көшесінде 59 пәтерлі бір көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды, нысанды тапсыру мерзімі – 2022 жылдың IV тоқсаны.

Сондай-ақ, Түрксіб ауданында «ТКШ модернизациялау» бағдарламасы жүзеге асырылуда, 8 көп қабатты үй жөнделді. Сондай-ақ, 2017-2022 жылдар аралығында 543 аула абаттандырылды.