Алматының ХҚКО-ры 2023 жылы 2,8 миллионнан астам қызмет көрсетті

Алматының ХҚКО-ры 2023 жылы 2,8 миллионнан астам қызмет көрсетті
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматылықтар ХҚКО-на қай қызметке жиі жүгінетіні жайлы ӨКҚ брифингінде «Азаматтарға арналған үкіметтің» Алматы қаласы бойынша филиалының өкілдері айтты. 

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалының құрамына халыққа қызмет көрсету бойынша 13 бөлім жұмыс істейді (соның ішінде, 4 мамандандырылған ХҚО бөлімдері, 1 көші-қон бөлімі және 8  аудандық халыққа қызмет көрсету орталықтары), деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалы 2023 жылдың 12 айында 2 861 085 мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету жөніндегі бөлім арқылы 1 280 252 мемлекеттік қызмет түрі және де мемлекеттік қызмет көрсету ХҚО-лар арқылы өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында 1 580 833 мемлекеттік қызмет, электрондық үкімет порталы арқылы – 31 075 қызмет алған», -  деді Азаматтарға арналған үкімет МК КАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының сапаны бақылау басқармасының басшысы Мадина Аманова. 

Сонымен бірге, спикер ең танымал қызметтерді атап өтті:
- Электрондық-цифрлық қолтаңбаны алу:
- Көлік құралын тіркеу;
- Жүргізуші куәлігін алу;
- Әлеуметтік сектор қызметтері;
- Жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру және тіркеу.
- ҚР азаматтарына паспорттар мен жеке куәліктер дайындау және беру.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес 1353 мемлекеттік қызмет түрлерінің ішінен мыналарды алуға болады:
- Мемлекеттік корпорация арқылы 1267 қызмет (93,6%);
- «электрондық үкімет» порталы арқылы 1214 қызмет (89,7%);
- тек қызмет көрсетуші арқылы 84 қызмет (6,2%).

 «2023 жылы 996 802 көлік құралы тіркелген. 427 303 шетелдік паспорттар мен жеке куәліктер дайындалып берілді, бұл ретте өткен жылы 5300-ге жуық адам Медеу ХҚКО-да белгіленген құжаттау терминалдары арқылы өтінім берді. 2024 жылы Әуезов аудандық ХҚО-да құжаттандыру терминалдарын орнату жоспарлануда. 418 782 электрондық-цифрлық қолтаңба берілді. 265 326 жүргізуші куәлігі берілді», -  деді М.Аманова. 

Сонымен қатар, филиалы жер кадастры, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру, жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу желісі бойынша 442 078 мемлекеттік қызмет көрсетті.
Әлеуметтік блок желісі бойынша 2023 жылы 313 211 мемлекеттік қызмет көрсетілді. АХАТ желісі бойынша 50 383 мемлекеттік қызмет көрсетілді.