Алматының екі шағынауданында суық су тоқтайды

Алматының екі шағынауданында суық су тоқтайды
Сурет: M24.ru

Алматының Жетісу ауданындағы екі шағынаудан түнде суық судан ажыратылады.

Жаңа су құбыры қолданыстағы сумен жабдықтау жүйесіне қосылатын болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«15-16 наурызға қараған түні сағат 00:00-ден 9:00-ге дейін Алматының Жетісу ауданында орналасқан "Айнабұлақ-1" және "Айнабұлақ-4" шағынаудандарының аумақтарындағы тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға суық су берілмейді», - делінген «Алматы су» МКК хабарламасында. 

Компания нақтылағандай, суық сумен жабдықтау қызметі бойынша уақытша шектеулер қолданыстағы сумен жабдықтау жүйесіне жаңа су құбырын қосу үшін енгізіледі.