Алматыны су баса ма?

Алматыны су баса ма?
Сурет: интернеттен

Су деңгейінің көтерілуі байқалады.

ТЖД су басу қаупі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

ТЖД мәліметінше, "Қазселденқорғау" ММ Алматы қалалық пайдалану техникалық басқармасының 10 гидропосты тәулік бойы өзендердегі гидрометеорологиялық жағдайды бақылауда.

"Қала арқылы Ақсай, Қарғалы, Үлкен және Кіші Алматы өзендері ағады. Жауын-шашынға байланысты өзендерде су шығынының шамалы ғана су деңгейінің көтерілуі байқалады, сондай-ақ көлбеу ағынға байланысты судың лайлануының 2 баллға дейін артуы байқалады", делінген Алматы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.