Алматылықтарды 300 млн теңгеге алдап кеткен әйел ұсталды

Алматылықтарды 300 млн теңгеге алдап кеткен әйел ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Тендерлерде жеңемін деп алматылықтарды 300 млн теңгеге алдап кеткен әйел қолға түсті.

Әуезов ауданының полицейлері алаяқтық жасағаны үшін 37 жастағы С. есімді азаматшаны ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

"Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, күдікті “жақсы таныстарына” сілтеме жасай отырып, азаматтарға тендерлерге қатысуға және жеңіске жетуге уәде берген. Қазіргі уақытта біздің бөлімшеде С. есімді азаматшаның қатысы бар бес қылмыстық іс тергелуде. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын көлемі 300 миллион теңгені құрайды. Күдікті қазір қамауда отыр. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Әйелдің басқа да эпизодтарға қатысы бар-жоғы анықталуда", – деді Әуезов аудандық ПБ бастығы Ұлан Әбілқайыр.