Алматылық жүргізушіге миллион теңгеден астам айыппұл салынды

Алматылық жүргізушіге миллион теңгеден астам айыппұл салынды
Сурет: Polisia.kz
Алматыда Toyota көлігінің жүргізушісі аз ғана уақыттың ішінде 81 рет жол ережесін бұзды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Полицейлердің мәліметінше, оған салынған жалпы айыппұлдың көлемі 1 миллион 29 мың 615 теңге болды.

"Бұл бұзушылықтар қаладағы бейнежүйе арқылы тіркелген. Жүргізуші көбіне жылдамдықты асырған. Оны "Қорғау – қауіпті жүргізуші" автоматтандырылған жүйесі арқылы анықтап, ұстадық", – деді Алматы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Ержан Ұзабаев.