Алматылық таэквандошы Spanish Open G2 жарысында күміс медальға ие болды

Алматылық таэквандошы Spanish Open G2 жарысында  күміс медальға ие болды
Сурет: 24.kz

Испанияның Аликанте қаласында таеквондодан рейтингтік турнир мәресіне жетті

Қазақстандық таеквондошы Әділет Базарбаев халықаралық Spanish Open G2 турнирінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

 Аталған аламанда 63 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсететін жерлесіміз Әділет Базарбаев күміс медальге қол жеткізді.

Алматылық таеквондошы алғашқы кездесуінде Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс жүлдегері, таиландтық Тавин Ханпрабтан басым түссе, жартылай финал жолдамасы үшін таласта Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы, түркиялық Хакан Рекберді ұтты. Естеріңізге сала кетейік, бұл додаға еліміздің атынан Ә.Базарбаевтан бөлек тағы бес спортшы қатысты.