Алматылық суретшінің «Алмалы қала» атты жеке көрмеcі ашылды

Алматылық суретшінің «Алмалы қала» атты жеке көрмеcі ашылды
Сурет: 24.kz

Суретші Жанель Жұбанованың «Алмалы қала» атты жеке көрмесі ашылды.

Қылқалам шеберінің өзі Алматыда туып өскен. Сондықтан жұмысының көбін туған қаласына арнаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

24.kz хабарлағандай, бұған дейін «Әрдайым жанымда болатын мереке!», «Махаббат пен мейірімділік шеңбері», «Ой тазалығы» деген тақырыпта бірнеше көрме өткізген.

Өзінің айтуынша, өнер - қуаныш пен үйлесімділіктен тұрады. Осы көрмеде «Алмалы қала» деп аталған екі бірдей экспозиция ұсынды. Оған 30-дан астам картина қойылды. Вернисаждың тағы бір ерекшелігі - суреттер кестемен безендірілді.

«Бұл жерде бәрі  аралас. Еркін тақырыптағы шығармалар да, академиялық натюрморт та бар. Мен көбіне қазақтың ою-өрнегін қосамын. Бұл элементтердің барлығы менің әжемнің кестелері. Соны натюрмортқа қосымша қолданып жүрмін. Пейзаж жанрындағы жұмыстар да баршылық. Оны көктемде алма мен өрік ағаштары  гүлдеген шақта  немесе күзде айнала алуан түске боялған кезде салам. Сонда картина шынайы шығады», - дейді суретші Жанель Жұбанова.