Алматылық самокатшыларға 7 мыңға жуық айыппұл салынды

Алматылық  самокатшыларға 7 мыңға жуық айыппұл салынды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Заң бойынша 18 жасқа толмағандарға самокат жүргізуге рұқсат жоқ.

Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек тәртіп бұзғаны үшін айыппұл алған самокатшылар туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Салтанат Әзірбек екі айда полицейлер самокат жүргізушілері болған 6708-ден астам жол ережесін бұзу фактісін анықтағанын атап өтті. Бұл оқиғаларға кінәлілердің барлығына айыппұл салынды.

Салтанат Әзірбектің айтуынша, жаңа ереже күшіне енген кезде полицейлер самокатшылармен тәрбие жұмысын жүргізе бастаған. Содан кейін тәртіп бұзушыларға екі бап бойынша айыппұл салына бастады: ӘҚБтК-нің 593-бабы "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын орындамау" және 622-бап "Қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлікті пайдалану қағидаларын бұзу".

"Заң бойынша 18 жасқа толмағандарға самокат жүргізуге рұқсат етілмесе де, жасөспірім балаларға самокат пайдалануға рұқсат беру фактілері болды. Жүргізушілер де мынадай бұзушылықтар жасады: жол бойында көлікті қорғаныс құралдарынсыз жүргізу, жол қозғалысы ережелерін бұзу", - деді Алматы ПД ресми өкілі.

Алматыда күн сайын 50 мыңға жуық адам самокат пайдаланады. Алайда Салтанат Әзірбек атап өткендей, кейінгі екі айда жолдардағы жағдай жақсарды.