Алматылық полицейлер ірі көлемдегі есірткіні тәркіледі

Алматылық полицейлер ірі көлемдегі есірткіні тәркіледі
Сурет: Polisia.kz

Күдіктілер қамалды.

Алматыда марихуананың ірі партиясы тәркіленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары Алматының Алатау ауданында түскі сағат үштер шамасында есірткі сатумен айналысқан адамдарды ұстады. Патрульдік полицейлер 13-ші шағынаудандағы үйлердің бірінде үйдегі адамдар есірткінің ірі партиясын жасырып отырғаны туралы сигналды тексерді.

«Бұл хабарға "Буран-033" және "Буран-008" экипаждары бірінші болып әрекет етті. Бірінші қабаттағы пәтер есігін ашты, бірақ полицейлерді ішке кіргізбей қойды. Осыншама қарсылықтың себебі кейін белгілі болды. Алты тұрғынның бірі ыңғайлы сәтті пайдаланып, аузына дейін шөпке толтырылған қоңыр сөмкені өзімен бірге алып, балконның терезесінен қашып кетпекші болған. Алайда бұл әрекеті сәтсіз аяқталды. Қашып кетуі мүмкін болатынын алдын ала болжаған патрульдік полиция қызметкерлері терезе алдында тұзақ құрды», – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің командирі Бауыржан Хантеміров.

Қаскөйлердің есірткі сақтаған тұрғын үйін тексеруге Алатау аудандық полиция басқармасының тергеу-жедел тобы жұмылдырылды. Айтпақшы, пәтерде иіс болды: күдіктілер есірткіні дәл осы жерде қолданған болуы да мүмкін.

«Жүргізілген сот-химиялық сараптама сөмкеде марихуана сақталғанын анықтады. Оның салмағы 5 келі 312 грамды құрады. Тергеушілер шөптің осы пәтердің тұрғындарының бірі – Түркістан облысының тұрғыны  27 жастағы Д. есімді азаматқа тиесілі екенін анықтады. Ол бұрын да есірткі қылмысы үшін сотты болған. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оның барысында Алматыға есірткі жеткізу арнасы және оны сақтау мақсаты анықталатын болады», – деді Хантеміров.