Алматылық ерекше балаларға арналған бірегей бағдарлама

Алматылық ерекше балаларға арналған бірегей бағдарлама
Сурет: Skiparkpioneer.com

Бағдарламаны толығымен Алматы әкімдігі қаржыландырады.

Дамуында ерекшелігі бар балалар роликті конькимен, велосипедпен және атпен «Адаптивті сырғанау» бағдарламасына қатыса алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Дәрісті Рioneer шаңғы базасында тәжірибелі нұсқаушылар өткізеді.

Курс аутизм спектрінің бұзылысы, Даун синдромы, церебральды сал ауруы (балалардағы церебральды сал ауруы), ПСДК (психо-сөйлеу дамуы кешеуілдеген), ЖСТД (жалпы сөйлеу тілі дамымаған), зейін жеткіліксіздік және гиперактивтілік синдромы (СДВГ) және басқа да неврологиялық аурулары бар балаларға арналған. Балалар адаптивті сырғанау арқылы дәрі-дәрмексіз оңалады.

10 жеке сабақты қамтитын бағдарламаны нұсқаушы жүргізеді, сөйлеуді, қозғалысты, мүсінді, иммунитетті үйлестіруді және ағзаның қалпына келу қабілетін жақсартуға көмектеседі. Әрі бұл курс ерекше балаларды қоғамға бейімдеуге және араласуға бағытталған.

Бағдарлама 2017 жылдан бастап Алматы қаласы спорт басқармасының қолдауымен жұмыс істейді.

Шарттарын @skiparkpioneer парақшасынан немесе +7 771 762 5010 телефон арқылы білуге болады.