Алматылық дәрігер жіті бронхит қандай асқынуға әкелетінін айтып берді

Алматылық дәрігер жіті бронхит қандай асқынуға әкелетінін айтып берді
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Бронхит - альвеоланың пайда болуына әкелетін бронхтардың шырышты қабығының дем алу «түтіктерінің» қабынуы, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚДБ баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

 «Жіті бронхит өкпені зақымдайтын, безгек ауруының туындауына, құрғақ жөтел, жалпы, әлсіздікке әкелетін инфекциялық-қабыну процесінің бронхопневмония түріндегі асқынуға әкеледі», - дейді Алматы қаласы №36 қалалық емхананың жалпы тәжірибе дәрігері Әнел Әкімбаева. 

- Созылмалы бронхиттің бақылаусыз өршуі тұрақты жіті пневмонияның туындауына апарып, уақыт өткен сайын өкпенің обструктивті ауруына әкеледі, - дейді дәрігер. 

Сонымен қатар, дем алу түтіктерінің шырышты қабығы ісініп арналары тарылады, өкпе тіндері жиілеп бұзыла бастайды.

Әнел Әкімбаева атап өткендей, уақытында емделмеген обструктивті бронхит көп жағдайда кеңірдектің қабыну процесіне ұшырап, соның салдарынан трахеит түріндегі асқынуды тудырады.

Жіті бронхит, орташа есеппен 7-10 күнге созылады. Ағымды өту ерекшелігіне қарамастан, жіті бронхит 21 күннің аралығында өтеді, басқа жағдайларда ол созылмалы түрге айналады.

Қарапайымдылығына және ауру ағымының жеңіл өтуіне қарамастан, жіті бронхитті міндетті түрде дәрігер емдеуі тиіс.