Коронавирусқа қатысты қатаң шектеу шаралары қажет

Коронавирусқа қатысты қатаң шектеу шаралары қажет
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Жүргізілген жаһандық онлайн сауалнамаға қатысқан адамдардың 85% осындай пікір білдірген.

Өйткені көбі індеттен айығып шықса да, бас ауруы, иіс сезу қабілетінен айырылу, демікпе секілді салдармен әлі күнге дейін күресіп келеді. Соңғы мәлімет бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 640 млн адамға жуықтайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Кісі өлімі 6,5 млн асады. Эпидемиологиялық ахуал жақсарғаннан кейін қазір көп елде шектеу шаралары аланып тасталған.