Алматыдағы ат спорты клубында жылқыларды аяусыз ұрып-соққандар анықталды

Алматыдағы ат спорты клубында жылқыларды аяусыз ұрып-соққандар анықталды
Сурет: Tengrinews.kz

Жылқы жануарын ұрғандар белгілі болды

Қазір осы іске қатысты 5 тұлға күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы жергілікті полиция департаментінің өкілдері хабарлаған.

Осыдан бірнеше күн бұрын Алматыдағы спорт кешенінің бірінде қызметкерлердің жылқыларды сабағаны белгілі болды. Қатыгездік бейнеленген кадрлар әлеуметтік желіде тез тарап, көпшіліктің ашу-ызасын тудырды. Клуб иесінің сөзінше, оқиғадан 5 құлын зардап шеккен.