Қазақстан азық-түлік бағасы қымбат елдер үштігіне енді

Қазақстан азық-түлік бағасы қымбат елдер үштігіне  енді
Сурет: Ult.kz

Қазақстанда азық-түлік тауарларының бағасы бір жылда бірден 20,8%-ға өсті - статистика.

ТМД елдерінің арасында тамызда Молдовада азық-түлік тауарлары бағасының ең жоғары жылдық өсуі тіркелді. Үштікте Украина және Қазақстан да бар. Әзірбайжан, Беларусь және Қырғызстанда бағаның жылдық өсуі 18,9%-ды, Ресейде 15,8%-ды , Арменияда 12,5%-ды құрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Өңірлік бөліністе Маңғыстау, Жетісу және Абай облыстарының тұрғындары бағаның өсуін ай сайынғы динамикада қатты сезінді, ал бағаның ең аз өсуі Астанада (0,4% - ға) байқалды. Жылдық динамикада азық-түлік тауарларының бағасы Маңғыстау, Ақтөбе және Ақмола облыстарында өсті.

Жемістер мен көкөністер бір жылда 14,8%-ға, сүт өнімдерінің бағасы жылдық қарқынмен 24,6%-ға өсті.  Ет және ет өнімдері жылдық қарқынмен 14,5%-ға қымбаттады. Тамыз айының қорытындысы бойынша нан жылына 18,4%-ға,  ұн 41,4%-ға, макарон өнімдері 35,7% -ға, жарма 32,7%-ға қымбаттады.