Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны бойынша Алматы көш бастап тұр

Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны бойынша Алматы көш бастап тұр
Сурет: 24.kz

Коронавирустың алдын алу

Өткен тәуліктегі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның толық компонентін 6,9 млн адам алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

1-ші компонентпен 7 859 131 адам егілсе, 2-ші компонентті 6 901 313 адам алды. Вакцинаның екі компонентін толық алған тұрғындар бойынша алдыңғы орында Алматы қаласы тұр – 896 069. Одан кейінгі орындарда Түркістан облысы – 791 298, Алматы облысы – 688 357, Шығыс Қазақстан облысы – 650 227, Қарағанды облысы – 476 691 орналасқан.