Еліміздің үш облысы мен екі мегаполисі "қызыл" аймақта

Еліміздің үш облысы мен екі мегаполисі "қызыл" аймақта
Сурет: Egemen.kz

Қазақстанның 6 өңірі "жасыл" аймақта

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2021 жылғы 11 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасысын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Оған сәйкес, еліміздің екі бас қаласы әлі де "қызыл" аймақтан шыға алмай отыр.

 «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта : Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.

 «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстары.