Abu Dhabi Plaza құрылысы жыл аяғына дейін бітеді

Abu Dhabi Plaza құрылысы жыл аяғына дейін бітеді
Сурет: Inform.kz

Елордадағы ең биік ғимарат Abu Dhabi Plaza құрылысы қашан аяқталады

Abu Dhabi Plaza құрылысы жыл аяғына дейін аяқталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы осындай мәлімет таратқан. «Нұр-Сұлтан қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы «Abu Dhabi Plaza» нысанында қазір құрылыс-монтаждау жұмысы кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Орындалған жұмыстың жалпы көлемі – 97%-дан асады.

2021 жылдың соңына дейін сыртқы жұмыстарды (қасбет және конструкция) толығымен аяқтау жоспарланып отыр. Айта кету керек, ғимарат ішінде әрлеу жұмыстары ары қарай да жалғаса береді», - делінген Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта. Еске салсақ, «Abu Dhabi Plaza» - Орта Азиядағы мұнара типіндегі ең ірі кешен. Ол аумағы 500 мың шаршы метрден асатын бес ғимараттан құралған.