Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 266 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 266 шақырым жерде жер сілкінді
Сурет: Pixabay.com

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты  сейсмикалық стансалар желісі таңғы сағат 8:52-де жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 266 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.2. MPV магнитудасы - 4.3. Жер сілкінісінің координаттары – 41,34° с.е. 78,74° ш.б. Тереңдігі - 10 км.

Қазақстан аумағында сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.