Алматыдан Израильге әуе рейстері ашылады

Алматыдан Израильге әуе рейстері ашылады
Сурет: Airlinecustomercare.com

7 қыркүйектен бастап.

Ұшақтар аптасына екі рет ұшады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Эйр Астана» Израильге әуе рейстерін ашады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Қазақстан әуе компанияларының ұшатын бағытын кеңейту және халықаралық рейстер санын көбейту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Биыл 7 қыркүйектен бастап «Эйр Астана» әуе компаниясыныңAirbus 321 үлгісіндегі ұшақтарын аптасына екі рет  (бейсенбі және жексенбі)  Алматыдан  Израильдің Тель-Авив қаласына ұшатын болады.

Қазақстан мен Израиль арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.