Алматыдан Ыстықкөлге әуе рейсі ашылады

Алматыдан Ыстықкөлге әуе рейсі ашылады
Сурет: «Ыстықкөл» халықаралық әуежайының баспасөз қызметі

Енді Алматыдан Ыстықкөлге 40 минутта ұшып бара аласыз.

Бүгіннен бастап «Ыстықкөл» халықаралық әуежайы Алматыдан ұшып баратын әуе рейсін қабылдайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл ақпаратты таратқан әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы-Тамчы-Алматы бағытындағы әуе рейсі аптасына 3 рет - дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері қатынайды.

Жолаушыларды SCAT авиакомпаниясының ұшақтары тасымалдайды.