Президент дипломаттарды кәсіби мерекелерімен құттықтады

Президент дипломаттарды кәсіби мерекелерімен құттықтады
Сурет: Turaz.org

2 шілде - Дипломатиялық қызмет күні.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы саясат саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Сыртқы саясат саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймын! Сіздердің негізгі міндеттеріңіз – ұлттық мүддені ілгерілету және қорғау, еліміздің халықаралық аренадағы беделін арттыру. Бұл бағытта айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Сіздерге осы жауапты мемлекеттік миссияны атқаруда табыс тілеймін!» - деп жазды Президент twitter-де.