Алматыдан 495 км қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 495 км қашықтықта жер сілкінді
Сурет: Ашық дереккөз

Тереңдігі – 10 шақырым

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС станциялары бүгін Алматы уақытымен сағат 07.32-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 495 км жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 9,9.

MPV магнитудасы – 4,5.

Тереңдігі – 10 шақырым.

МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәлімет жоқ.