Алматыдан 364 км қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 364 км қашықтықта жер сілкінді
Сурет: Ашық дереккөзі

Тереңдігі – 25 шақырым

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жер сілкінісі 15 қазан күні Алматы уақытымен 07 сағат 52 минутта тіркелді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 364 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9. MPV тербелісі – 3,9. Тереңдігі – 25 шақырым.

Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.