Алматыдан 262 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді

Алматыдан 262 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді
Almaty-akshamy.kz

Қазақстанның Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы Алматының оңтүстік-шығысында кезекті дүмпулерді тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 262 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Сейсмологтар оның афтер дүмпу екенін байқады.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,9.

Магнитудасы - MPV 5.3.

Тереңдігі - 5 км.

Қабылдау мүмкіндігі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Қазақстан аумағында сезілу жоқ.

Бұл - соңғы 2,5 тәулікте тіркеген алғашқы жер сілкінісі. Бұған дейінгі дүмпулер 1 ақпан күні сағат 01:21-де тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 252 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Магнитудасы - 4,6 болды. Ол Қазақстанда сезілмеді.