Алматыдағы «Южная» қазандығы штаттық режимде жұмыс істей бастады

Алматыдағы «Южная» қазандығы штаттық режимде жұмыс істей бастады
tengrinews.kz

Алматыдағы "Южная" қазандығында электр қуаты қысқа мерзімге өшкен кейін қайтадан штаттық режимде жұмыс істей бастады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасына сілтеме жасап.

12 қараша сағат 09.40 Бостандық ауданындағы “Южная" қазандығында құрылғы ажырап, электр қуаты аздаған уақытқа берілмей қалды. №3 су жылыту қазандығында қалдық газ-ауа қоспасының тұтануымен автоматика жұмысында ақау болды. 

Осы себепті жақын маңдағы үйлердің тұрғындары тарсыл тәрізді дыбысты естуі мүмкін. 

10 минуттан кейін жылу желілерінің гидравликалық режимін қалпына келтіре отырып, сорғы қондырғылары іске қосылды. 

Қазандық штаттық режимде жұмыс істейді.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.