Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің аумағынан өрт шықты

Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің аумағынан өрт шықты
Сурет: Massaget.kz

Қаладағы «Керемет» тұрғын үй кешені аумағындағы дүкен өртенді.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 13 қабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкен өртенген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Керемет» тұрғын үй кешені аумағындағы 7, 32-үйде өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Дүкеннен шыққан өртті сөндіру үшін өртке қарсы баспалдақ қойылып, бөшкелер енгізілді, газ бен түтіннен қорғау қызметі бөлімшелерінің жұмысы ұйымдастырылды. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің күші мен құралдары тартылды», - делінген ТЖД хабарламасында.

Белгілі болғандай, өрт сағат 10.56-да оқшауланып, 10.58-де сөндірілді.