Алматыдан екі түрлі қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан екі түрлі қашықтықта жер сілкінді
Сурет: 24.kz

Жерасты дүмпулерін ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ мемлекеттік мекемесі тіркеген.

27 шілде күні 02 сағат 37 минут 29 секундта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 799 шақырым жерде Ауғанстанда орналасқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Магнитудасы: 6 Тереңдігі: 10 км.  

27 шілде күні 03 сағат 28 минут 14 секундта тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 452 шақырым жерде Қытайда орналасқан. Магнитудасы: 4,3 Тереңдігі: 10 км.