Алматыдағы инфекциялық стационарларда 131 адам емделіп жатыр

Алматыдағы инфекциялық стационарларда 131 адам емделіп жатыр
Сурет: Inbusiness.kz

Алматыда 12 шілдедегі жағдай бойынша, 280 адамнан КВИ анықталды.

Оның 268-і симптомдық белгілермен, 12-сі симптомсыз, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, Алматының инфекциялық стационарларында 131 пациент ем алуда.

«Бүгінгі таңда Бірінші медициналық-санитарлық көмек пен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 1 687 науқас бақылануда. Олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде - 1524, симптомсыз 163 науқас бар», - делінген хабарламада.